Атырау, 17 сәуір 06:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 471.46
€ 555.38
₽ 6.18

COVID-19 Атырауда: бір тәулікте 103 адам жұқтырды

3 568 рет қаралды

Бір тәулікте 103 адам жұқтырды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.   

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың  80 жағдайы тіркелді.  Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде  5 адам анықталды.  
Сондай-ақ, Жылыой ауданында - 3, Индерде 5,  Махамбет ауданында - 6, Қызылқоғада 4 адам   анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы  бар  66 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан  17 адам емделіп шықты. 

Қазір  427 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 175, 
№2 облыстық ауруханада -118,  аудандық инфекциялық стационарларда – 91 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 53 адам емделуде.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

2 шілде 2021, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.