Ресей федералдық медициналық-биологиялық агенттігінің иммунология институтының директоры Муса Хаитов аллергиясы бар адамдар коронавируспен сирек ауыратыны туралы айтты, деп хабарлады sputnik.kz РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
"Пандемия басталғалы бір жарым жыл уақыт өтті. Алайда аллергиясы бар адамдардың коронавируске сирек шалдығатыны туралы дерек әу баста белгілі болды", - дейді Хаитов.
Оның айтуынша, шетелдік әріптестерінің мәліметтеріне сай аллергиялық бронхиалды астмамен ауыратын науқастар үшін коронавирус сырқат ағымын ауырлататын фактор болып саналмайды.
"Мұның немен байланысты екенін әзірге айту қиын, түрлі гипотезалар айтылуда, алайда олар дәлелдеуді қажет етеді", – дейді Хаитов.