Атырау, 19 мамыр 15:52
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Теңіздегі екінші буын зауытында ақау орын алды

Бейнежазба
3 339 просмотра

1 шілдеде сағат 17:40 шамасында Теңіз кен орнында жабдық жұмысында ақау пайда болды. Зауыт алауы күшті жалынға оранып, қою қара түтін шықты.

«AЖ»-ға Атырау облыстық экология департаменті хабарлағандай, екінші буын зауытында (ЕБЗ) мұнай құбырындағы клапан жабылып қалған.

- Осы себепті ЕБЗ және ШГА  (шикі газды айдау - Ред.) өндірісі тоқтатылды. Қазір оның себептері тексеріліп жатыр. Өндіріс пен персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында отын газы алауда жағылады. Ақау себептері мен қосымша мәліметтер кейінірек хабарланады. Департамент жоспардан тыс тексеру ұйымдастырады, - деп хабарлады экология департаментінің баспасөз қызметі.

«Теңізшевройл» ЖШС ақау дерегін растап, қазіргі уақытта барлық өндіріс объектілері жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.

- ТШО 2021 жылдың 1 шілдесінде Теңіздегі объектілердің бірінде болған және газды стандартсыз жағуға әкеп соққан уақытша техникалық ақаудан кейін барлық өндіріс объектілерінің жұмыс істеп тұрғанын растайды. Бұл жағдай жабдықтың зауыттың техникалық регламенттеріне сәйкес және персоналдың қауіпсіздігі мен стратегиялық объектілерді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейтінін көрсетті. ТШО оқиғаның себебін анықтау үшін талдау жүргізіп жатыр, - деп жауап берді "АЖ"-ға ТШО».

Айта кету керек, соңғы екі жылда ТШО шығарындылар мен қоршаған ортаны ластағаны үшін 5 миллиардтан астам теңге төледі.

Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желідегі бейнежазба

2 шілде 2021, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.