Атырау, 19 мамыр 15:35
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Әскерден келген: көлік терезесінен денесін шығарып отырған жігіттер видеоға түсіп қалды

Бейнежазба
3 368 просмотра

Атырауда көлік терезесінен денесін шығарып отырған жігіттер видеоға түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz

30 маусым күні сағат 14:00 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері автокөліктің терезесінен денесін шығарып, қауіпсіздік белдігін тақпаған күйде темір жол вокзалынан шыққан Lexus RX, Nissan Primera, ВАЗ 2110 маркалы автокөліктерін тоқтатты.

Тексеріс барысында аталған автокөлік жүргізушілері өздерінің әскерден келген 19 жастағы досын темір жол вокзалынан күтіп алып келе жатқанын, сол себепті автокөліктің терезесінен және люктан бастарын шығарып, қауіпсіздік белдігін тақпай, жол-ережесін бұзғанын айтып, өз кінәсін толықтай мойындаған. 

Аталған Lexus RX маркалы автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісіне қатысты, Nissan Primera маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісіне және Ваз 2110 маркалы автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігімен (Қауіпсіздік белдігін тақпай көлік жүргізгені үшін) әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ал автокөліктің қозғалысы кезінде терезенің ойығынан және люктан бастарын шығарған 18 және 19 жастағы үш жігітке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының 1-бөлімімен (Автокөліктің қозғалысы кезінде автокөліктің терезесінен денесін шығарып, жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамағаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 834 теңге көлемінде айыппұл салынды.

2 шілде 2021, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.