Атырау, 11 қазан 09:27
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Құлсары тұрғынынан жарты тоннадан астам бекіре тұқымдас балық табылды

Сурет Бейнежазба
5 071 просмотра

Полицейлер Құлсары қаласының 31 жастағы тұрғынан 600 келіге жуық бекіре тұқымдас балығын тәркіледі.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 23 маусымда криминалды полиция басқармасына Құлсары қаласының тұрғыны бекіре тұқымдас балықты өз үйіне сақтап, сатып жүргені туралы ақпарат түскен. 

Күдіктінің үйін тінту кезінде полицейлер сарай ішіндегі тоңазытқыштан жалпы салмағы 576 келі болатын 169 дана бекіре тұқымдас балығын тапты.  

Осы факті бойынша Жылыой аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-тармағы («Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Айнұр САПАРОВА

ПД ұсынған суреттер мен бейнежазба

1 шілде 2021, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.