Атырау, 11 қазан 09:23
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Атырауды еліміздің бірыңғай электр жүйесіне қосу жоспарлануда

2 898 просмотра

Атырау Ақтөбемен немесе Жезқазғанмен электр желісі арқылы қосылады, деп мәлімдеді Энергетика министрі Нұрлан НОҒАЕВ тұрғындарға есеп беру кезінде.

Министрдің айтуынша, Қазақстанның батыс облыстары Бірыңғай электр энергетикасы жүйесіне (БЭЖ) қосылмаған жалғыз аймақ болып отыр.

- Біріктіруді Ақтөбе қаласынан Атырау қаласына дейін; Жезқазған қаласынан Атырау қаласына дейін; Шымкент қаласынан Маңғыстау облысының Бейнеу ауылына дейін үш ықтимал бағыт бойынша 500 кВ желі салу арқылы іске асыруға болады, - деді Ноғаев.

Жыл соңына дейін қаржылық, техникалық-инженерлік және басқа көрсеткіштер бойынша ең тиімді нұсқа анықталуы керек.

- Аталған іс-шараны іске асыру батыс өңірлердің тұтынушыларын сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге және елдің энергия жүйесіндегі теңгерімсіздіктерді реттеу үшін маневрлік қуат ретінде өңірдің газ генерациясының әлеуетін іске қосуға мүмкіндік береді, - деді министр.

Бұдан басқа, Орал – Оң жағалау – Индер – Атырау – Құлсары – Теңіз 220 кВ қолданыстағы транзитінің екінші тізбегінің электр желілік объектілерін салу жобасы басталды.

Сонымен қатар, министр көмірсутегі өндірісінің көрсеткіштеріне тоқталды.

2020 жылы мұнай мен конденсат өндірісінің көлемі 85,7 млн тонна болды: оның 68,6 млн тоннасы экспортталды, 15,8 млн тонна мұнай өңделді. 2021 жылы 85,3 миллион тонна мұнай өндіру жоспарланған.

Нұрлан Ноғаев атап өткендей, үш ірі мұнай-газ жобасы - Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған еліміздің мұнай өндірісінің қозғаушысы болып қала береді. 2020 жылдың соңында үш жоба бойынша мұнай өндірудің жалпы көлемі 53,8 млн тоннаны, газ өндіру көлемі 44 млрд текше метрді құрады.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

1 шілде 2021, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.