Атырау, 14 қаңтар 07:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Атырауда COVID-19 жұқтыру көбеюде

3 094 рет қаралды

Атырауда бір тәулікте  98 адам COVID-19 жұқтырды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.   

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың  69 жағдайы тіркелді.  Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде  7 адам анықталды. 

Сондай-ақ, Жылыой ауданында - 10, Исатай ауданында - 3, Индерде 2,  Махамбет ауданында - 2, Қызылқоғада 2, Мақат ауданында  - 2 адам   анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы  бар  55 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан  86 адам емделіп шықты. 

Қазіргі уақытта  385 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 161, №2 облыстық ауруханада -110,  аудандық инфекциялық стационарларда – 77 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 49 адам емделуде.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

1 шілде 2021, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.