Атырау, 11 қазан 09:30
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

COVID-19-ға қарсы екпе алу үшін ақшалай сыйлық ойнатылады

2 320 просмотра

Атырау облысында 30 маусымнан бастап коронавирусқа қарсы егілгендер үшін арналған лотерея ойнатылады. Вакцина алуды ұйғарғандар 10 миллион теңгеге дейін ақша ұтып алуға мүмкіндік алады.

Бұған атыраулықтардың белсенділігінің төмендігі себеп болды. Ақпан айынан бастап облыста бар болғаны 19%-дан сәл астам адам екпе алған, ал аудандарда бұл көрсеткіш одан да төмен. Премьер-министр Асқар МАМИН де Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВКЕ вакциналау қарқынын күшейтуді қатаң тапсырып, осы жайтқа назар аударды.

Билік ресми түрде 2021 жылдың 30 маусымынан 30 қыркүйегіне дейін I немесе II компонентті вакцинаны алған адамдар арасында әр 10 күн сайын 200 мың теңгеге 10 ақшалай сертификаттың ұтыс ойыны өткізілетінін жариялады. Ал тамызда 2021 жылғы 30 маусымнан 31 шілдеге дейін вакцина алған адамдар арасында 3 миллион теңге сомаға 2 сертификат ойналады. Қыркүйек айында осы жылдың 1-31 тамызы аралығында вакцина алғандар арасында тағы 3 миллион теңгенің 2 сертификаты ойнатылады.

Бұрын вакцина алғандар да құр қалмайды: Атырау облысында 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап 30 қыркүйегіне дейінгі аралықта I немесе II компонентті вакцина алған азаматтар арасында 10 млн теңге көлеміндегі негізгі ақшалай сыйлық 2021 жылдың қазанында ойнатылады.  Осылайша, акцияның жүлде қоры 40 миллион теңгені құрайды. Акцияны ұйымдастырушы - «Атырау облысының Азаматтық альянсы» қоғамдық ұйымы.

- Вакцина алғандар туралы ақпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметтер базасында болады. Осылайша, ұтысқа қатысушыларға вакцина алу фактісін растауы қажет емес. Ұтыс нәтижесін әлеуметтік желіде «Атырау облысының Азаматтық альянсының және облыстық денсаулық сақтау басқармасының парақшаларынан және облыстық теледидардан хабар тарату кезінде білуге болады. Ұтыс ойындары электронды түрде өткізіледі, жеңімпаздарды арнайы бағдарлама таңдайды, ол үшін тәуелсіз сарапшыларды - ҮЕҰ, азаматтық сектор өкілдерін, танымал блогерлерді бақылауға шақырамыз, - дейді «Атырау облысының Азаматтық Альянсының» төрағасы Әлібек СЕМҒАЛИЕВ.

Семғалиевтің айтуынша, вакцина алғандар үшін лотереяға ақшаны демеушілер бөлген, бірақ неліктен екені белгісіз, оларды атамады. Бұл меценаттарға тән емес еді, өйткені олар әдетте өздерін баспасөз бетінде атағанды жақсы көретін.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

1 маусым 2021, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.