Ресей президенті Владимир Путин тікелей эфирде коронавирусқа қарсы міндетті вакциналау енгізуге қарсы екенін мәлімдеді. Алайда жаппай локдаунның алдын алу үшін кей өңірлерде коронавирусқа қарсы міндетті вакциналау енгізілген, деп хабарлайды Sputnik.
Ресей көшбасшысы қауіпті вирусты жұқтырғаннан кейін аурудың асқынуына тосқауыл болатын екпені қолдайтынын, бірақ халықты жаппай міндетті вакциналауға қарсы екенін айтты.
"Мен міндетті вакциналауды құптамаймын. Әріптестер коронавирусқа қарсы вакциналауды екпе салудың ұлттық жоспарына айналдыру туралы ұсыныс айтты. Алайда мемлекеттік дума депутаттары бұл идеяны қолдамады. Сондықтан COVID-19-ға қарсы екпе салғызу міндетті шара емес", - деді Путин.
Президент жаппай локдаунға жол бермес үшін елдің кейбір аймағында коронавирусқа қарсы міндетті вакциналау енгізіліп жатқанын атап өтті.
"Әріптестеріміздің кейбір өңірдегі әрекеті кәсіпорындардың толық жабылуына алып келетін локдаун енгізілуіне жол бермеуге бағытталған. Адамдар жұмыссыз, жалақысыз қалады. Осыған тосқауыл болу мақсатында кей өңірде және кейбір санаттағы азаматтар үшін міндетті вакциналау енгізілді", - деді Путин тікелей эфир кезінде.
Бұған дейін Владимир Путин коронавирус инфекциясына қарсы қандай препарат салғызғанын айтқан еді.