Атырау, 12 маусым 02:23
 дождьВ Атырау +25.2
$ 487.76
€ 562.39
₽ 6.75

Атырауда аптап ыстыққа байланысты жедел жәрдем шақыру саны күрт өсті

3 428 рет қаралды

Атырауда термометр бағандары күндіз +40 градустан төмендемейді, ал «03» қызметінің телефондары қоңыраулардан толастар емес.

- Аптап ыстықтың салдарынан соңғы аптада жедел жәрдем шақыру саны көбейді, - дейді жедел медициналық жәрдем қызметі бас дәрігерінің орынбасары Наргиза БАЙМОЛДАЕВА. 

Оның айтуынша, негізінен қан қысымы жоғары гипертоник-науқастар қоңырау соғады екен. Балалар мен ересектердің дене қызуының жоғарылауына қатысты да шағым көп. Көпшілігі сплит жүйелерінен суық тигізіп алады. 

- Аптап ыстыққа дейін орташа есеппен 750-800 қоңырау түсетін. Соңғы күндері 1150 -1200-дей қоңырау түсті, - дейді Н.Баймолдаева. «Гисметео» сайты келесі аптаның аяғында ғана жауын-шашын болады деп болжайды. Демек, кем дегенде әлі он күндей аптап ыстық болады деген сөз. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

30 маусым 2021, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.