Атырау, 11 қазан 11:20
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Шенеуніктерге қатысты талап арыз беруге болатын сот ашылды

2 554 просмотра

29 маусымда Атырауда жаңа Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ашылуы өтті.

Жаңа сот Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасында әкімшілік юстиция енгізу аясында құрылды. Жаңа сот қызметі тек жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен арасындағы дауларды шешуге бағытталған.

Онда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралмайтынын, олар бұрынғыша осы 1 шілдеден бастап атауы өзгеретін қолданыстағы әкімшілік сотта қабылданатынын атап өтеміз.

Шілде айында азаматтар мен бизнестің әкімшілік органдарымен арасындағы дауларды шешу тәртібін реттейтін жаңа Әкімшілік іс жүргізу-процессуалдық кодексі де күшіне енеді.

Кодекс азаматтардың құқығын қорғауды сапалы жаңа деңгейге шығаруға бағытталған.

Облыстық сот төрағасы барлық қатысушыларды жаңа соттың ашылуымен құттықтап, оның қызметіне, жаңа кодекстің ерекшеліктері мен міндеттеріне қысқаша тоқталды.

- Басты мақсат - мемлекеттік органдармен дау болған кезде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Бұл еліміздің тәуелсіздік тарихында бұрын-соңды болып көрмеген өте маңызды сот реформасы. Жаңа сот цифрландырудың барлық талаптарына жауап береді, заманауи техникалық жабдықтармен жарақталған, қызметкерлер мен сотқа келушілердің жайлылығы үшін барлық қажетті жағдай жасалған, - деді Атырау облыстық сотының төрағасы Бауыржан ЖҰМАҒҰЛОВ.

Қызыл лентаны Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ пен облыстық соттың төрағасы Бауыржан Жұмағұлов қиды.

Сот құрамы төрағадан және төрт судьядан тұрады.

Фархат ӘБІЛОВ

30 маусым 2021, 13:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.