Атырау, 11 қазан 11:19
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

​Атырауда Covid-19 күрт көбейді: бір тәулікте 89 адам ауру жұқтырды

2 263 просмотра

Атырауда өткен тәулікте 89 адам коронавирус індетін жұқтырды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.   

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың  64 жағдайы тіркелді.  Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде  5 адам анықталды.  

Сондай-ақ, Жылыой ауданында - 7, Исатай ауданында - 3,  Махамбет ауданында - 1, Қызылқоғада 5, Мақат ауданында  - 4  адам   анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы  бар  38 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 
Өткен тәулікте облыста коронавирустан  12 адам емделіп шықты. 

Қазіргі уақытта  399 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 139, 
№2 облыстық ауруханада -115, фтизиопульманологиялық орталықта - 5, аудандық инфекциялық стационарларда – 64 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 48 адам емделуде.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

30 маусым 2021, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.