Беларусь Минскіге қарсы санкцияларға байланысты Еуропалық одақтың "Шығыс серіктестігіне" қатысуын тоқтатты, - деп хабарлайды tengrinews.kz Deutsche Well басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметі бойынша, ЕО-ның Беларусьтегі тұрақты өкілі Дирк Шубель республиканың Сыртқы істер министрлігіне шақырылған. Оған ЕО басшылығына қысым мен санкциялар қабылданбайтыны туралы Беларусь тарапының ұстанымын жеткізу үшін Брюссельге бару ұсынылған және "тәуелсіз мемлекетке қысым жасау құралы ретінде санкциялардың мүлдем қабылданбайтынын" мәлімдеді.
"Біз осы келісім шеңберіндегі өз міндеттемемізді Еуроодақ енгізген санкциялар мен шектеулер жағдайында орындай алмаймыз. Келісімнің мәжбүрлі түрде тоқтатылуы Еуропалық одақпен заңсыз көші-қон және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласындағы өзара іс-қимылға теріс әсер ететініне қынжыламыз", - делінген Беларусь СІМ хабарламасында.
Сондай-ақ, Беларусьтің "Шығыс серіктестіктен" шығатыны хабарланған.
Бұған дейін АҚШ, ЕО, Ұлыбритания және Канада Беларуське қарсы санкцияларды көбейткен болатын.