Атырау, 11 қазан 11:23
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Атыраудағы электр іркілісі: энергетиктер бұған аптап ыстықты кінәлайды

2 486 просмотра

Атырау аптап ыстық құшағында. Әлеуметтік желіде қала тұрғындары электрмен қамтуға қатысты проблемаларға жаппай шағымдануда: кернеудің іркілісі, жарықтың жиі өшіп қалуы, кондиционерлер мен басқа тұрмыстық аспаптардың дұрыс жұмыс жасамайды. Энергетиктермен өткен баспасөз конференциясы осы мәселелерге арналды.

Естеріңізге салсақ, өткен жылы Атырау қаласының әкімдігі әр жаз сайын туындайтын электр қуатының тапшылығын шешу үшін 50 трансформатор сатып алған болатын.

Алайда, қазір оның 26-сы толығымен орнатылып, электр қуатын беріп отыр.

- Біз әлеуметтік желіні бақылап, тұрғындардың шағымына жауап береміз. 50 трансформатор орнатылды, қалған трансформаторларды жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа, Нұрсая, Самал және Жерұйық ықшамаудандарындағы электр желісін реттеу үшін әуежай маңынан қосалқы станция салу жоспарланды. Бұл қаланың осы аумағындағы мәселені шешеді деп үміттенеміз, - деді брифинг барысында қалалық ТКШ бөлімінің бастығы Әлібек МҰХАНБЕТАЛИЕВ.

Тілеужан МЕНДАЛИЕВ

«Атырау Жарық» АҚ бас инженері Тілеужан МЕНДАЛИЕВ кернеу іркілісіне жазғы аномальды ауа райының себеп болып отырғанын айтты.

- Көп қабатты үйлерде дәліз ішіндегі сымдар жүктемеге есептелмеген, қазір тұрғындар әр бөлмеге сплит жүйелерін орнатады, ал электр желісі бұл жүктемені көтере алмайды. ПИК бізден көмек сұрайды, біз оларға мүмкіндігінше көмектесеміз, - деді ол.

ТКШ басшысы қаладағы электр желісінің көпшілігі тозғанын, трансформаторларды орнату бұл мәселені түбегейлі шешпейтінін атап өтті. Оның айтуынша, қаладағы желілер 2020 жылы тексерілген, трансформаторлар орнатылғаннан кейін олар ауыстырылады.

Айтпақшы, қала қосымша 50 трансформатор сатып алуда - мердігер анықталды, қазір орнатылатын орын анықталып жатыр.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

29 маусым 2021, 11:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.