Атырау, 11 қазан 11:18
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Атырауда бір тәулікте 66 адам COVID-19 жұқтырды

2 419 просмотра

Атырауда бір тәулікте 66 адам COVID-19 жұқтырды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.   

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың  46 жағдайы тіркелді.  Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде  4 адам анықталды.  

Сондай-ақ, Жылыой ауданында - 1, Исатай ауданында - 8,  Махамбет ауданында - 1, Құрманғазыда 2, Индер ауданында  - 4  адам   анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы  бар  49 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 
Өткен тәулікте облыста коронавирустан  115 адам емделіп шықты. 

Қазіргі уақытта  347 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 132, №2 облыстық ауруханада -100, фтизиопульманологиялық орталықта -5, аудандық инфекциялық стационарларда – 67 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 42 адам емделуде.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймаққа өтті.

29 маусым 2021, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.