Ақтауда белдесіп күресуден Қазақстан Кубогы өтті.
Аға бапкер А.Қалиев бастаған Атырау облысының құрама командасы бір алтын және екі қола алқа жеңіп алды. Жарыс жеңімпазы Аманбек Аруов (75 келіге дейін) болды. Жұмабек Жолдасқалиев (62 келіге дейін) пен Майдан Батанов (82 келіге дейін) қола алқаға ие болды. А.Аруов әлем чемпионатына қатысуға жолдама алды.
*****
Ақтөбеде жекпе-жек бойынша ел Кубогы өтті.
Бұл жарыста облыс құрамасы бір алтын, бір күміс және 4 қола алқа жеңіп алды. 57-ге дейінгі салмақта атыраулық палуандар Замир Нұржанов пен Ерлан Смағұлов финалда кездесті. Замир жеңіске жетіп, Ерлан күміс алқа алды.
*****
Таразда кадеттер мен жастар арасында олимпиадалық WKF каратэ-до бойынша ҚР чемпионаты өтті.
Атырау қаласының құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 4 қола алқа жеңіп алды. Чемпиондар: Бейбарыс Жаңбыр (75 келіге дейін) мен Әбілмансұр Батырғали (67 келіге дейін). Чемпионның туған інісі Файзолла Батырғали күміс алқа жеңіп алды.
*****
Ташкентте кикбоксингтен «Uzbekistan Open» халықаралық турнирі өтті.
Атырау құрамасы 2 алтын және 2 күміс алқа жеңіп алды. Азамат Өтемісов пен Сәлімжан Сәлімгереев жеңімпаз атанды. Жеүлдегерлер - Дастан Амантурлин мен Жанәлі Сәлімгерей.
*****
Атыраулық 5 парадзюдо палуаны Токиодағы Паралимпиадаға қатысуға лицензия алды.
Жолы болғыштардың есімі - Әнуар Сариев, Дәулет Теміржан, Ғалымжан Смағұлұлы, Зарина Байбатина және Аманжол Жанбота.
Соңғы екі спортшы бұған дейін Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары үшін сайысқа түсті.
ҚР құрамасының аға жаттықтырушысы, атыраулық Жандос Қиянов - ҚР бірнеше дүркін чемпионы Назгүл Кубашеваның тәлімгері.
Дайындаған М.СҰЛТАНҒАЛИЕВ