Атырау, 22 желтоқсан 21:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Облыстық мәслихаттан үш депутат кетті

2 842 рет қаралды
Әділ Жұбанов

Облыстық мәслихаттың IV сессиясында үш депутаттың - Нұрлыбек ОЖАЕВ, Әділ ЖҰБАНОВ пен Абзал-Сенбі САМАЛИКОВТЫҢ мандаттары мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Нұрлыбек Ожаев Мәжіліс депутаты болса, Әділ Жұбанов өз өтінішімен депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тапсырды. Әлеуметтік желіде Жұбанов депутат болған қызметіндегі 14 жыл ішінде ел игілігі мен облыстың дамуы үшін еңбек етуге тырысқанын жазып, «өзімнің қоғамдық қызметімді жалғастырамын» деп жазды.

Абзал-Сенбі Самаликовқа келетін болсақ, оның депутаттық өкілеттігі депутаттың қамауға алынуына байланысты тоқтатылды.

Бұдан бұрын «AЖ» Атырау облысы бойынша ҰҚК департаменті облыстық мәслихат депутаты Самаликовқа және тағы 22 адамға қатысты қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Олардың барлығы Мақат станциясындағы тауарлық теміржол составтары цистерналарынан жанар-жағармай ұрлады деп күдіктелуде. Кейіннен «Nur Otan» партиясы қылмыстық іс қозғалуына байланысты Самаликовты өз қатарынан шығарды.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

28 маусым 2021, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.