Атырау, 2 мамыр 15:21
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

«Еңбек-Атырау» филиалының бұрынғы басшысы ұсталды

1 772 просмотра

«AЖ»-ға белгілі болғандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «Еңбек» РМК құрылымына кіретін «Еңбек-Атырау» филиалының бұрынғы басшысын ұстады.

Бұрын іздеуде болған кәсіпорын директоры Ақтау қаласында ұсталды. Қазір Атырау тергеу абақтысына қамалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі ұстау фактісін растады.

Естеріңізге салсақ, 2020 жылғы маусымда Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қосалқы мердігерлермен келісім-шарт жасау кезінде ҚР ІІМ «Еңбек-Атырау» филиалының басшысына және басқа тұлғаларға қатысты ҚР ҚАЖК Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-тармағы («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бірнеше рет пара алуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Осыдан кейін, бұл айыптауға ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-тармағы (Қызмет бабын пайдалана отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) қосылды.

Еске салсақ, «Еңбек-Атырау» Атыраудағы 9 субұрқақ, оның ішінде Жилгородоктағы әйгілі субұрқақ құрылысы жобасының мердігері болған. Мердігердің бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғаннан кейін құны 1 миллиард теңгеге жуық жоба тоқтатылды.

Бұдан басқа, 2019 жылы «Еңбек-Атырау» құны 354 миллион теңгенің көп қабатты тұрғын үйлерінің 50 ауласына жарық беру тендерін жеңіп алды.

Азаттық даңғылындағы үйлердің бірінің ауласында 8 жасар баланы ток соққаннан кейін «Еңбек-Атырау» орнатқан барлық көше шамдарына электр жарығын беру тоқтатылды.

Айнұр САПАРОВА

28 маусым 2021, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.