Атырау, 2 мамыр 05:13
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Базарлар, дүкендер, сауда орталықтары қалай жұмыс істейді

2 495 просмотра

Карантин шараларының күшейтілуіне байланысты Атырау облысында сауда ойын-сауық орталығы, базарлар мен басқа да нысандардың жұмыс уақытына шектеу қойылды.

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлардың жұмыс күндері жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін рұқсат етіліп, сенбі және жексенбіде жұмыс істеуіне тыйым салынады; 

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, азық-түлік және азық-түлік емес ашық базарлардың жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін белгіленді; 

- сауда үйлері мен орталықтарына (павильондар, бутиктер), сауда желілеріне сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін (толтырылуы объект сыйымдылығының 30%-нан асырмай, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес) тек қана жұмыс күндері  жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, олардың ішінде орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда сенбі және жексенбі күндері жұмыс жасауына тыйым салынады. 

- қоғамдық тамақтану объектілеріне, соның ішінде жазғы алаңқайларға сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 30-дан аспайтын орын орнатып, үстелдер арасындағы қашықтықты кемінде 2 метр болуын сақтап, бір үстелде 4 адамнан артық отырғызбауды қамтамасыз етіп) жұмыс жасауға рұқсат етіледі; 

- сұлулық салондары, шаштараз, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер алдын ала жазылу бойынша сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (объектінің толтырылуы 1 келушіге кемінде 4 шаршы метр есебімен) рұқсат етіледі; 

- спорт кешендері, фитнес орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, спорт және жаттығу залдары  алдын ала жазылу бойынша сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі (1 келушіге кемінде 5 ш.м есебінен толтырылуы объект сыйымдылығының 50% - ынан аспайды), сенбі және жексенбі күндері жұмыс жасауына тыйым салынады. 

- сауналар, СПА орталықтары, бассейндер алдын ала жазылу бойынша тек қана жұмыс күндері 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Сенбі және жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салынады;

- ашық алаңдағы аттракциондар (демалыс парктеріндегі, алаңдардағы және т.б.) толтырылуы 50%-дан артық емес;

-  алаң, паркт, сквер, жағалауларда балалар мен ересектерге арналған жылжымалы ойын құралдарын жалға берудің, уақытша бөлшек сауданың орналасу орны мен жұмыс кестесін жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша анықтасын; 

28 маусым 2021, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.