Атырау, 2 мамыр 05:33
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Тимур Бекмамбетов 60 жасқа толды: Гурьев тумасы қалай әлемге танымал болды

Сурет Бейнежазба
3 543 просмотра
Тимур Бекмамбетов, Атырау қ., 2015 ж. маусым. «AЖ» мұрағатынан алынған сурет

Қазақстаннан шыққан ресейлік режиссер әрі продюсер Тимур Бекмамбетов туған күнін атап өтіп жатыр. Атырау облысының танымал тумасы 60 жасқа толды, деп хабарлайды Sputnik.

Қазақстанның бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Бекмамбетовпен бірге түскен суретін жариялады. Ол суретте премьер-министр Асқар Мамин де бар.



"Елімізде қабылданған "Кинематография туралы" заңды әзірлеу кезінде, республикалық кинематографты дамыту жоспарында көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін, сондай-ақ Қазақстандағы бірқатар шығармашылық топпен тығыз байланысты үзбей келе жатқаныңыз және біздің жігіттердің әлеуеті мен табысына сенім артқаныңыз үшін алғыс білдіремін", - деп жазды Мұхамедиұлы.

Бекмамбетов өз мерейтойына орай "Профиль" деп аталатын жаңа фильмді көрермен назарына ұсынуға уәде еткен болатын. Ол фильм террористер қыз-келіншектерді қалай алдап-арбап, араб елдеріне алып шығатынын зерттеп көрмек болған журналист туралы. Барлық іс-әрекет компьютер мен телефон экранында өтеді (скринлайф-триллер жанры).


Бұл туынды Қазақстанда 28 маусымда аталатын журналистер күніне орай шығуы керек еді. Алайда фильм үлкен экраннан қашан көрсетілетіні белгісіз.

Сонымен қатар Бекмамбетов Шығыс елдеріндегі әдебиет кейіпкері – Ходжа Насреддин туралы фильм түсіруді жоспарлап отыр. Мұнда Ходжа Насреддиннің өзі емес, оның есегі басты кейіпкерге айналады.

Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі атап өткендей, Бекмамбетовты Қазақстанның туризм, мәдениет елшісі ретінде тану қарастырылып жатыр.

Бекмамбетовты жетістікке жеткізген жол

Тимур Бекмамбетов 1961 жылы бұрынғы Гурьев, қазіргі Атырауда туған. Оның әкесі "Гурьевэнерго" басшысы, ал анасы – Мирра Богословская журналист болып еңбек еткен.

Тимур Бекмамбетов марқұм әкесі ұзақ жылдар жұмыс істеген «Атырау-Жарық» кеңсесінде. Энергетиктер Нұруахит БЕКМАМБЕТОВТЫ еске алуға арналған мемориалды тақта орнатып, оны әйгілі ұлына көрсетті. «AЖ» мұрағатынан алынған сурет

Бастапқыда Бекмамбетов Мәскеу энергетика институтына оқуға түскен. Бірақ 1982 жылы тағдыр айдап Островский атындағы Ташкент көркем-театр институтына түседі. Бүгінде бұл Өзбекстанның мемлекеттік өнер иинституты. Ол аталған оқу орнын "театр және кино суретшісі" мамандығы бойынша аяқтайды.

Біраз уақыт Ташкенттегі "Ильхом" таетрында және "Өзбекфильмде" қоюшы суретші ретінде қызмет еткен. Ал 1987 жылдан бастап Түрікменстанның артиллерия дивизиясында КСРО Қарулы күштерінде мерзімді әскери міндетін өтеген.

1994 жылы экранға жол тартқан "Пеашаврский вальс" Бекмамбетовтың алғашқы фильмі болды. Ол Ауған соғысы кезіндегі шынайы оқиғаларға негізделген.


Қазақстан тумасы Сергей Лукьяненко романы бойынша 2004 жылы түсірілген "Ночной дозор" фильмі режиссерге танымалдылық алып келді. 2005 жылы киносүйер көрермен "Дневной дозор" картинасын тамашалады.

Бекмамбетов 2007 жылы аса танымал "Ирония судьбы" фильмінің жалғасы ретінде түсірген туындысы 50 миллион доллар табыс әкелді.

2008 жылы Анджелина Джоли мен Морган Фримен түскен "Особо опасен" фильмі жарық көрді.

Бекмамбетовтың фильмографиясында "Елки", "Выкрутасы", "Горько", "Девятаев", "Особо опасен" сынды картиналар бар.

25 маусым 2021, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.