Атырау, 2 мамыр 18:18
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Әбділда Мұқашев атындағы сыйлық Азамат Шорманханұлына табысталды

2 969 просмотра

Шығармашылық ұйым басқармасының шешімімен Республика Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған байқау қорытындысы бойынша Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының 2021 жылғы иегерлері:

Нұрқанат Қанапия, Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің шеф-редакторы, «Репортер жұмысы» номинациясында, Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына 30 репортаж дайындағаны үшін; 

Ирина Волкова, «Время» газетінің Павлодар облысындағы меншікті тілшісі, «Саяси шолу» номинациясында, пандемия кезіндегі қазақстандық дәрігерлердің жетістігі мен сәтсіздіктерінің әлеуметтік салдары туралы жарияланымдар үшін;

Әліби Сәруар, LSM іскерлік порталының тілшісі, «Экономикалық шолу» номинациясында инфографиканы қолданып, экономикалық жаңалықтар сериясын өзіндік тұрғыда ұсынғаны үшін; 

Анжелика Ким, Атырау облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің аға тілшісі, «Ізденіс материалы» номинациясы бойынша, «Қазақ тілін үйренеміз. Күнделіктен» жарияланымдар циклінде мемлекеттік тілді оқытудың жеке тәжірибесі туралы материалдар сериясы үшін; 

Ирина Галушко, «Экспресс-К» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі, «Журналистік тергеу» номинациясы бойынша ежелгі қаланың пайда болу тарихы мен Түркістанның жаңа келбеті туралы материалдар сериясы үшін; 

Жасын Біркенов, «Хабар-24» телеарнасының бас редакторы, Данияр Қайыртай, «Қазақстан» телеарнасындағы «Апта» сараптамалық бағдарламасының редакторы, «Телевизиялық жұмыс» номинациясында өзекті тақырыптарға ақпараттық-сараптамалық сюжеттер дайындағаны үшін; 

Валерий Жандаулетов, Қазақстан Журналистика академиясының вице-президенті, «Зерттеу жұмысы» номинациясында көрнекті ақын әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов туралы 85 жылдық мерейтойына арналған кітаптар мен журнал басылымдары сериясы үшін; 

Айтмұхамет Қасымов, шығысқазақстандық журналист, «Ғылыми-көпшілік жұмыс» номинациясы бойынша белгілі орыс әдебиетшісі Георгий Гребенщиковтың дала халқының көшпелі өмір салты туралы кітаптарын қазақ тіліне аударғаны үшін; 

Қазақстан Журналистер одағы мен «Ақ Жайық» газеті редакциясының Әбділда Мұқашев атындағы бірлескен сыйлығымен «Общественная позиция» газетінің (DAT медиа-жобасы) тілшісі Азамат ШОРМАНХАНҰЛЫ марапатталды. 

Белгілі фототілші Рахымбай Ханалының жүлдесі фоторепортер және «Тұран-ТВ» телеарнасының операторы Шері Серікболсынға бұйырды. 

Көрнекті жетістіктері және баспасөздің дамуына қосқан зор үлесі үшін «Қазақстанның құрметті журналисі» төсбелгісімен Үрзада Айтереева (Түркістан облысы), Болат Аманбаев (Павлодар облысы), Мәдина Балгашукова (Солтүстік Қазақстан облысы), Нұрмұхамбет Дияров (Ақтөбе облысы), Бекзаттар Дінасилов (Шымкент), Рамазан Елешев (Алматы облысы), Сәулебек Жамкенов (Астана), Серік Жұмағалиев (Батыс Қазақстан облысы), Бақытжан Жұмат (Атырау облысы), Әлібек Ибраев (Қостанай облысы), Ақаш Көксегенов (Шығыс Қазақстан облысы), Сейдахмет Мүсіркеп (Қарағанды облысы), Сергей Пономарев (Алматы), Асқарбек Сейілхан (Жамбыл облысы), Айткүл Шалғынбаева (Қызылорда облысы) марапатталды. 

«Жас Алаш» («Лениншіл жас») және «Экспресс К» («Ленинская смена») газеттерінің негізі қаланғанына 100 жыл толуына орай «Қазақстанның құрметті журналисті» төсбелгісімен журналистика ардагерлері Миуагүл Байназарова, Рысбек Сәрсенбай, басылымдардың бас редакторлары Илья Гук, Қайрат Матреков, бас директордың орынбасары Әділхан Нүсіпов, интернет нұсқасының бас редакторы Расул Шыбынтай марапатталды.

Қазақстан Журналистер одағының алтын алқасымен ерекше жетістіктері және азаматтық қоғамның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін филиалдардың бұрынғы басшылары Жақыпжан Нұрғожаев (Алматы облысы), Жұмаділ Әділбаев (Шығыс Қазақстан облысы), Юрий Поминов (Павлодар облысы) марапатталды.

Қазақстан Журналистика академиясының публицистика саласындағы Олжас Сүлейменов атындағы Халықаралық сыйлығы белгілі мәдениеттанушы Мұрат Әуезовке, қазақстандық журналистика ардагері Тілеужан Есілбаевқа, ресейлік публицист Владимир Снегиревке табысталды. 

25 маусым 2021, 13:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.