Атырау, 25 қараша 06:30
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Протасевич пен оның қызы үй қамауына алынды

2 708 просмотра

Минск әуежайында ұсталған Белорусьтегі Nexta оппозициялық Telegram-арнасының негізін қалаушы Роман Протасевич үйқамаққа ауыстырлды. Бұл туралы БАҚ-қа оның әкесі Дмитрий Протасевич айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Маған биліктің іс-әрекетіне пікір айту қиын, олардың мақсаттары не... Мүмкін ол қандай да бір саяси ойынға араласқан шығар", - делінген Роман Протасевичтің әкесі айтқан сөздерден келтірілген хабарламада.

Ол адвокат пен билік ештеңе түсіндірмегенін айтқан. "Бұлтартпау шарасын өзгерткендері, олардың тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін. Алайда кейін не болатыны белгісіз", - деп жазды басылым Протасевичтің әкесінің сөздерін келтіріп.

Агенттік мәліметі бойынша, Минскіде Протасевичпен бірге ұсталған ресейлік Софья Сапега да үй қамауына алынған. София қазіргі уақытта Минскіде жалдамалы пәтерде.

Еске салайық, 23 мамырда күндіз Ryanair әуе компаниясының Афинадан Вильнюске ұшып бара жатқан ұшағы Минскіде шұғыл қонған.

"Ұшақ бомба қойылды деген хабардан кейін қондырылды", - делінген әуежай хабарламасында. Кейін бомба қойылды деген ақпарат расталмады. 

Ұшақ бортында журналист, Nexta телеграм-арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевич және оның қызы Софья Сапега болған. Олар ұсталды. Артынша батыс елдері де болған жайтқа пікір білдіріп, Протасевичті дереу босатуды талап етті

25 маусым 2021, 13:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.