Атырау, 22 желтоқсан 21:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда бір тәулікте 61 адам COVID-19 жұқтырды

3 179 рет қаралды

Атырауда бір тәулікте 61 адам COVID-19 жұқтырды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.   

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың  37 жағдайы тіркелді.  Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде  9 адам анықталды.  
Сондай-ақ, Жылыой ауданында - 3, Индерде 2, Исатай ауданында - 5, Қызылқоғада - 1, Махамбет ауданында - 2, Құрманғазыда 1, Мақат ауданында.- 1 адам   анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы  бар  39 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 
Өткен тәулікте облыста коронавирустан  58 адам емделіп шықты. 

Қазіргі уақытта  339 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 114, 
№2 облыстық ауруханада -98, фтизиопульманологиялық орталықта -7, аудандық инфекциялық стационарларда – 59  адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 44 адам емделуде.Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "сары" аймақта қалып отыр.

25 маусым 2021, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.