Атырау, 29 наурыз 11:33
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атыраудың тағы бір экс-әкімі Мәжіліс депутаты болды

4 399 просмотра

Нұрлыбек ОЖАЕВ Мәжіліс депутаты болды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Twitter-дегі ресми аккаунтында жарияланды.

«Саяси Кеңес Бюросының қаулысымен «Nur Otan»-ның партиялық тізімі бойынша Парламент Мәжілісі депутатының мандаты мерзімінен бұрын шығарылған Қанат Мусиннің орнына Нұрлыбек Ожаевқа тапсырылды», - делінген хабарламада.

Ожаев 1992-1994 жылдары Махамбет аудандық жастар және спорт комитетінің төрағасы болып қызмет етті. 1994-2003 жылдары Махамбет ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2004-2005 жылдары «Облыс жолдары» КМК директорының орынбасары, «Сарықамыс кенті тұрғындарын қоныстандыру жобасының» жетекшісі болды. 2005-2006 жылдары Атырау қалалық мәслихаты аппаратын, содан кейін Атырау облысы әкімі аппаратын басқарды. 2006-2009 жылдары Атырау қаласы әкімі аппаратының жетекшісі болды.

2009-2013 жылдары Батыс Ескенедегі «Аджип ККО» (Италия) компаниясының мердігер мекемесінің еңбек заңнамасы нормаларын орындау және персоналды басқару мәселелері бойынша үйлестіруші болып жұмыс істеді. 2013-2014 жылдары Исатай ауданының әкімі, 2014-2016 жылдары Атырау қаласының әкімі болды.

2016 жылдың шілдесінен бастап бүгінгі күнге дейін «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды.

Еске салсақ, жақында ҚР Жоғарғы Сотының судьясы қызметіне сайланған мәжілісмен Қанат Мусиннің орнына Нұрлыбек Ожаев жайғасты.

Енді Мәжілісте Атырау облысынан үш депутат бар - Сәлімжан НАҚПАЕВ, Дүйсенбай ТҰРҒАНОВ және Нұрлыбек Ожаев. Бір қызығы, олардың бәрі кезінде «мұнайлы астананың» әкімі болды.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

23 маусым 2021, 17:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.