Атырау, 11 қазан 11:21
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

​Заңсыз жүрген 15 гастарбайтер елден шығарылды, ал олардың қожайыны сотталады

1 345 просмотра

Тексеру шаралары кезінде атыраулық полиция өкілдері заңсыз көші-қонды ұйымдастырған екі факті анықтады. Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы («Көлік құралдарын не қолдан жасалған құжаттар не тұрғын немесе өзге де үй-жай беру, сондай-ақ азаматтарға, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының аумағы бойынша заңсыз келу, кету, орын ауыстыру үшін өзге де қызметтер көрсету арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастыру») бойынша жүргізілуде.

- Сонымен қатар, облыс аумағында халықаралық іздеуде болған үш шетелдік ұсталды, - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көші-қон жедел тексеру шарасы нәтижесінде 16 шетелдік (Өзбекстанның 15 азаматы және 1 Тәжікстан азаматы) Қазақстан Республикасынан Түркістан облысы Сарыағаш ауданының «Жібек жолы» бақылау-өткізу пункті арқылы шығарылды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 маусым 2021, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.