Атырау, 14 қаңтар 09:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Атырауда бір тәулікте 50 адам COVID-19 жұқтырды

3 673 рет қаралды

Атырауда бір тәулікте 50 адам COVID-19 жұқтырды, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың  26 жағдайы тіркелді.  Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде  7 адам анықталды.  

Сондай-ақ, Жылыой ауданында - 7, Индерде 1, Исатай ауданында - 3, Қызылқоғада - 2, Махамбет ауданында - 4 адам анықталды. 

Коронавирус инфекциясы  бар 32 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан  87 адам емделіп шықты.  Қазір 344 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 111, №2 облыстық ауруханада -90, фтизиопульманологиялық орталықта -11, аудандық инфекциялық стационарларда – 62  адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 39 адам емделуде.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "сары" аймақта қалып отыр.

23 маусым 2021, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.