Атырау, 15 қаңтар 10:20
 ашықВ Атырау -1
$ 530.24
€ 543.97
₽ 5.16

Атыраулық студент Түркістан облысының тауларында қаза болды

4 833 просмотра

Бүгін Түркістан облысының Сайрам-Өгем шатқалынан табылған мәйіт атыраулық Нұрдәулет НАУРЫЗБАЙҒА тиесілі. «AЖ»-ға мәліметті қаза болған студенттің туыстары растады.

22 жастағы Наурызбай Нұрдәулетов Назарбаев Университетінің студенті болған. 3-курсты бітіргеннен кейін Нұр-Сұлтаннан Атыраудағы үйіне келіп, 19 мамырда группаластарымен бірге Шымкентке, одан әрі төрт күнге Түркістан облысының тауларына туристік жорыққа шығуды ұйғарады. Олар 24 мамырда оралуды жоспарлаған, бірақ тауда жоғалып кетті.

Олар 27 күн бойына іздестірілді. Жоғалған жетеудің үшеуі 28 мамырда тікұшақпен шолу кезінде тірі табылды. 29 мамырда құтқарушылар қаза болған екі туристің мәйітін тапты, тағы бір мәйіт 12 маусымда табылды. Бүгінгі күнге дейін құтқарушылар Наурызбайды іздеді.

Құтқарылған студенттердің айтуынша, жолдастарының бірі ауырып қалғаннан кейін, олар екі топқа бөлінген. Үшеуі көмек күтіп қалып, төрт студент құтқарушылардан көмек сұрауға шығып, қаза болды.

Фархат ӘБІЛОВ

22 маусым 2021, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.