Атырау, 22 желтоқсан 21:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда бір тәулікте 26 адамнан COVID-19 анықталды

3 724 рет қаралды

Соңғы тәулікте Атырау облысында Covid-19 жұқтырған 26 жағдай анықталды, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.  

Атырау қаласында - 17

Теңіз кен орнында - 8

Құрманғазы ауданында - 1 жағдай тіркелді. 

Коронавирустық инфекциясы  бар  13 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.  Өткен тәулікте облыста коронавирустан  85 адам емделіп шықты. 

Қазір  382 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 111, №2 облыстық ауруханада -95, фтизиопульманологиялық орталықта -11, аудандық инфекциялық стационарларда – 58  адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 36 адам емделуде.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "сары" аймақта қалып отыр.

22 маусым 2021, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.