Атырау, 31 шілде 10:31
 ашықВ Атырау +35
$ 424.44
€ 504.91
₽ 5.81

АҚШ Навальный үшін Ресейге қарсы тағы санкция енгізбек

1 407 просмотра

Ресми Вашингтон ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың төңірегіндегі жағдайға байланысты Ресейге қарсы бағытталған санкциялардың жаңа пакетін дайындап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливанның мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Біз бұған дейін Алексей Навальныйды уландырғаны үшін Ресейге қарсы санкциялар енгізген едік. Енді тағы да басқа санкциялар пакетін дайындап жатырмыз, – деді Салливан.

Салливанның айтуынша, АҚШ президенті Джо Байден бірқатар аспекті бойынша Ресейге қарсы шектеулерді енгізуді жеңілдететін жарлыққа қол қойған. 2 ақпанда Мәскеудің Симоновский соты Навальныйдың шартты мерзімін нақты мерзімге ауыстырған еді. Оппозиционер "Ив Роше" ісі бойынша айыпты болып шықты. Навальный шартты үкімнен кейін 60 мәрте қоғамдық тәртіпті бұзды деп танылды. Енді ол колонияда 2 жыл 8 ай жазасын өтейді.

21 маусым, 14:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.