Атырау, 29 наурыз 04:58
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атырауда жасөспірімдер есірткі жарнамалаған граффити жазған

Бейнежазба
3 492 просмотра

Атырауда полицейлер есірткі сайттарын жарнамалаған жасөспірімдерді ұстады.

17 маусымда таңертең ертемен патрульдік полиция қызметкері Жилгородок ықшамауданында аэрозольді баллонмен қабырғаға жазып жатқан екі жасөспірімді байқады. Полиция екеуінің де кәмелетке толмағанын анықтады, ал қабырғадағы жазулар есірткі сататын сайттардың атауы болып шықты. Жасөспірімдер осындай жазбаларды қаланың басқа жерлеріне де жазып кеткен. Бұл олардың ұялы телефонындағы суреттен белгілі болды.

Жасөспірімдердің бірі жазбаны Рахат, Шалқыма және Жилгородок аудандарында жазғанын мойындады. Әр осындай граффити үшін оған 470 теңгеден төлеген, ал ақша картаға аударылған. «Жұмыс беруші» онымен Telegram каналы арқылы байланысқан. Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Ал әзірге ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша («Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болуы») әкімшілік хаттама толтырылды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Бейнежабаны ПД баспасөз қызметі ұсынды

18 маусым 2021, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.