Атырау, 11 қазан 13:23
 ашықВ Атырау +12
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Ипотекалық үйлер алғаш Индерде салына бастады

3 061 просмотра

Атырау облысы аудандарының ішінде Индерде бірінші болып ипотекалық үйлер салынуда. Көктем шағын ауданындағы 11-ші алаңда жалпы ауданы 7503 шаршы метр болатын 160 пәтерлік жеті үй салынуда, олар жалға және несиеге беріледі.

«Еврострой-А» ЖШС және «ОңдасынСтрой» ЖШС мердігерлігімен құрылыс жұмыстары сәуір айында басталды.

Айта кетейік, 80 пәтерлік (екі бөлмелі 40 және үш бөлмелі 40 пәтер) тұрғын үйдің құрылысы «ТұрғынүйҚұрылысЖинақБанкі» АҚ арқылы халыққа ипотекалық негізде жеке меншікке ұсынылатын болады, қалғаны – жалға берілетін баспана.

Көктем ықшамауданындағы жаңа учаскенің алғашқы үйлері жаздың аяғына дейін тапсырылады. Жалпы Индер ауданы бойынша тұрғын үй кезегінде 1424 адам тұр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

18 маусым 2021, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.