Атырау, 14 қаңтар 09:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Атырауда бір тәулікте 62 адам Covid-19 жұқтырды

2 934 рет қаралды

337 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың  39, Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 4 адам анықталды. 
Сондай-ақ, Жылыой ауданында Covid-19 жұқтырған 3 адам, Индерде 5, Исатай ауданында 3,   Қызылқоғада 1 ,Мақат ауданында 5 ,Махамбетте 1 адамнан  анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы  бар  23 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 
Өткен тәулікте облыста коронавирустан  134  адам емделіп шықты. 

Қазіргі уақытта 446 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 133, 
№2 облыстық ауруханада -101, фтизиопульманологиялық орталықта -10, аудандық инфекциялық стационарларда -54 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 41 адам емделуде.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "сары" аймақта қалып отыр.

18 маусым 2021, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.