Атырау, 25 сәуір 08:35
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Атырауда оралдық «курьерлер» 24 миллион теңгелік есірткімен ұсталды

3 108 просмотра
Көрнекі сурет

«Қарасора-2021» жедел-алдын алу шарасы барысында Атырау облысы ПД есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Атырау қаласының аумағында Оралдан әкелінген синтетикалық есірткіні жалпы сомасы 24 млн теңгеге сатпақ болған 22 және 23 жастағы екі жігітті ұстады.

- Ұсталғандардан 46 дана синтетикалық есірткі салынған зип-пакеттер табылды. Жалға алынған пәтерді тінту кезінде синтетикалық есірткі салынған екі пакет және 100 дана оралған қалташа тәркіленді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері жалпы сомасы 24 миллион теңгеге синтетикалық есірткінің бір рет қолданатын 2400 дозасын айналымнан алып тастады, - деп хабарлады Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі. 

ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-тармағы («Аса ірі мөлшерде есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, иемдену, сақтау, тасымалдау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Сот санкциясымен тергеуге алынғандар Атырау тергеу изоляторына қамалды. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

17 маусым 2021, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.