Атырау, 23 сәуір 14:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

«Атырау Жарыққа» 4 миллионнан астам айыппұл салынды

3 088 просмотра

Атырау облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті тұтынушының шағымына байланысты «Атырау Жарық» АҚ-на жоспардан тыс тексеру жүргізіп, кәсіпорынға 5 миллион теңгеге жуық айыппұл салды.

Департаментте нақтылағандай, шағым электр желілеріне қосудың техникалық шарттарын беруге қатысты болған. ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 26-бабы 2-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, монополист бұл үшін бос және қолжетімді қуаттар болмаған немесе қажетті желі болмаған жағдайларды қоспағанда, тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділікті ұсынуға міндетті. Бұл жағдайда, шамасы, осы ерекшеліктер ескерілмеген.

«Атырау Жарық» АҚ ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының 4-тармағы («Табиғи монополия субъектісінің ҚР табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы») бойынша 4 667 200 мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл 7 күн ішінде көрсетілген соманың 50% мөлшерінде азайтылған өндіріспен төленді.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

17 маусым 2021, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.