Атырау, 23 желтоқсан 01:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырауда бір тәулікте 62 адам Сovid-19 жұқтырды

3 288 рет қаралды

Атырау облысында тәулік ішінде 62 адам COVID-19 жұқтырды, деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Атырау қаласында Covid-19 жұқтырған 46 жағдай тіркелді. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 10 жағдай анықталды. Сондай-ақ, Covid-19 жұқтырған Жылыой ауданында  1 адам, Исатай ауданында  2, Махамбет ауданында 1,  Құрманғазы ауданында 2 адам анықталды. 

Коронавирус инфекциясы  бар  33 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.  

Өткен тәулікте облыста коронавирустан  15 адам емделіп шықты.  Қазір  522 адам үй жағдайында, модульді ауруханада 119, 
№2 облыстық ауруханада - 109, фтизиопульманологиялық орталықта - 11, аудандық инфекциялық стационарларда - 53 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 41 адам емделіп жатыр.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "сары" аймақта тұр.

17 маусым 2021, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.