Атырау, 27 сәуір 04:13
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Жұлдыз ықшамауданындағы жол-көлік оқиғасы кісі өлімімен аяқталды

3 497 просмотра

15 маусымда кешкі сегіз шамасында Атыраудағы Жұлдыз ықшамауданында жол-көлік оқиғасы орын алды. Toyota Hiace және «ВАЗ 21113» көліктері соқтығысып, нәтижесінде «Хайс»-тың 33 жастағы жолаушысы көз жұмды, тағы екі адам облыстық ауруханаға жеткізілді.

Ауыр жарақат алған 22 жастағы «ВАЗ 21113» жолаушысы жан сақтау бөлімінде, Toyota Hiace жолаушысы нейрохирургия бөлімінде ем алуда. Екі жүргізуші де ауруханаға жатудан бас тартты.

- ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-тармағы бойынша (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі құралдарын пайдалану қағидасын бұзуы) сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады «АЖ»-ға Атырау облысының полиция департаменті.

Фархат ӘБІЛОВ

16 маусым 2021, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.