Атырау, 26 сәуір 23:21
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Атырауда бір тәулікте 52 адам COVID-19 жұқтырды

2 948 просмотра

335 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың  41 жағдайы тіркелді. Сонымен қатар, Жылыой ауданында Covid-19 жұқтырған  4 адам, Индер ауданында  2, Мақат ауданында  3 адамнан, Исатай және Құрманғазы аудандарында 1 жағдайдан анықталды.

Коронавирус инфекциясы  бар  25 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан  113 адам емделіп шықты. Қазір 473 адам үй жағдайында, модульді ауруханада 111, №2 облыстық ауруханада -108, фтизиопульманологиялық орталықта -18, аудандық инфекциялық стационарларда -60 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 38 адам емделуде.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "сары" аймақта қалып отыр.

Вакцинация туралы ақпарат 

15 маусымдағы деректер бойынша "Спутник V", "QAZVAC" және "Hayat-Vax" вакциналарының I компонентін 953 жергілікт і тұрғын алды. 

Екпе алғандардың қатарында 21 медицина қызметкері, 32 педагог, 1 полиция қызметкері, 10 студент, 1 жабық мекемнің қызметкері, 2 құқық қорғау орган қызметкерлері, 2 мемлекеттік қызметші, 4 созылмалы аурулары бар науқастар, 880 жергілікті тұрғын.

2021 жылғы 1 ақпан мен 15 маусым аралығындағы кезеңде барлығы 67 539адам "Спутник V", "QAZVAC" және "Hayat-Vax" вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 23 614адам алды.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде барлығы 31 стационарлық және 10 жылжымалы вакцинация пункті жұмыс істейді. Егу пункттерінде қандай вакциналар барын 98 - 02 - 92 колл-орталықтың нөмірі бойынша білуге болады.


16 маусым 2021, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.