Атырау, 25 сәуір 17:30
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Атырау әкімі - тұрғын үй, жол, қоқыс және тағы басқа туралы

3 693 просмотра

Атырау қаласының әкімі Қайрат ОРАЗБАЕВ онлайн-брифинг өткізіп, онда қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы әңгімеледі. Төменде оның баяндамасынан маңызды сәттер келтірілген.

БАСПАНА

2020 жылы тұрғын үй құрылысына 6,6 миллиард теңге инвестицияланды. Ал биыл жыл басынан бері 752 пәтер пайдалануға берілді. «Терможаңғырту» бағдарламасы бойынша  көпқабатты 45 тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалау-сметалық құжаттама дайындалған, бағдарлама республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

ЖАРЫҚ БЕРУ

Өткен жылы 22 көшеге (34,6 шақырым) жарық жүргізілді, биыл МЖӘ аясында 185 көшені жарықтандыру жұмысы басталды. Өткен жылы сатып алынған 50 трансформатор орнатылды, тағы 50 трансформатор сатып алу жоспарланып отыр.

Береке ықшам ауданында қуаты 25 мВт жаңа қосалқы станция пайдалануға берілді. Дәл осындай қосалқы станция биыл Талғайраңда пайдалануға беріледі. 

КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ

Қала мен қала маңындағы ауылдардың тұрғын секторларындағы 11 учаскеде ұзындығы 112,6 шақырым болатын орталықтандырылған кәріз жүйесі орнатылады. Жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамадан өтуде. Бұл мақсатқа 3,4 млрд теңге қарастырылған. 

ҚОҚЫС

Өткен жылы Экология министрлігінің ғарыш мониторингі арқылы қоқыс төгілген 468 жер анықталды, олар толығымен жойылды. Сондай-ақ, 93 заңсыз карьер табылды. Сәуір айынан бастап Мостовой өзегі тазартылуда. 

ЖОЛДАР

Қала мен қала маңындағы көлік жолдарының ұзындығы 1 634,9 шақырымды құрайды. 2020 жылы көлік жолдарын жөндеуге және қайта жаңартуға 17 млрд теңге бөлінді. Ауылдық округтердегі 227 көшеге (134,2 шақырым) жөндеу жұмыстары басталды. 

БІЛІМ БЕРУ

Водниковода 280 орындық балабақша пайдалануға берілді, ал МЖӘ аясында 9 балабақша салынуда, олар биыл пайдалануға берілуі керек. 5 мектептің құрылысы жүріп жатыр. 

СУ

Егер қыста қала күніне 80-90 мың текше метр су тұтынатын болса, жазда 120 мың текше метр тұтынады. Ауыз су жетіспеушілігінің басты себептерінің бірі - оның бау-бақшаны суару үшін қолданылуы. Қазір  жүз тонналық 12 цистерна сатып алынуда, оларды орнату шілде айына жоспарланған. 

ЖЕР

2021-2022 жылдары жеке тұрғын үй құрылысы үшін шамамен 4 мың учаске беру жоспарланып отыр. 

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК

Қазір Атырауда 289 автобус бар, оның 60-ы резервте тұр. Әзірге бұл мөлшер жеткілікті, деп атап өтті Қ.Оразғалиев. Жақын арада Қазақстанда жасалған 120 автобус аялдамасын сатып алу жоспарланып отыр. 

ВЕЛОСИПЕД, СКУТЕРДІ ЖАЛҒА БЕРУ

Әкім бұл мәселенің екі жағы бар екенін атап өтті: кәсіпкерлер табыс тапқысы келеді, бірақ тұрғындардың басым бөлігі бұған қарсы. Өйткені денсаулыққа, әсіресе балаларға тікелей қауіп төндіреді, қарапайым қауіпсіздік ережесі сақталмайды. Қазір осы қызметтерді ұсыну үшін 6 нүкте белгіленіп, тендерлік құжаттар дайындалуда. 

МАСАМЕН КҮРЕС

Биыл осы мақсатқа 126 миллион теңге бөлінді, 7 бригада жұмыс істейді.

P.S. «Күрделі эпидемиологиялық ахуалға байланысты» брифинг онлайн форматта өтті. Дегенмен, мәслихат сессиялары, облыстық әкімдіктегі жиналыстар көптен бері дәстүрлі форматта өткізіліп келеді. Қала тұрғындарының жеке сұрақтарына келер болсақ, әкім оларға кейін жазбаша жауап беруге уәде берді.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

15 маусым 2021, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.