Үстіміздегі жылдың наурыз айынан бастап ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың қамқоршылары мен қорғаншылары ай сайынғы жәрдемақыны 10 АЕК (15120 теңге) көлемінде алуды бастайды. Жәрдемақыны балаға қамқоршылық пен қорғаншылықты ресми түрде рәсімдегендер ала алады.
Облыстық білім беру басқармасы бастығының орынбасары Клара МҰҚАШКЕРЕЕВАНЫҢ айтуынша, жаңа жәрдемақыны төлеуге қаржы бюджетке салынған, бүгінгі күні ақша төлемдерінің механизмі жасақталуда.
Тамара СУХОМЛИНОВА