
13 маусымда сағат 22.00 шамасында Атырау облысы ТЖД департаментіне «Гаухартас» ықшамауданында екі қабатты тұрғын үй өртеніп жатыр деген хабарлама келіп түсті.

Келген өрт сөндірушілер 1275 шаршы метр алаңы бар 8 пәтерлі тұрғын үй кешенінің шатыры мен 2-қабаты жанып жатқанын анықтады. 21 адам, оның ішінде 10 бала оқиға болған жерден өз бетімен шықты, бағына қарай, зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

Өрт 00 сағат 43 минутта тұйықталып, 00 сағат 57 минутта толық сөндірілді. Өрт сөндіруге ТЖД-ның 8 техникасы мен 50 қызметкері, сонымен қатар, басқа ұйымдардың техникасы мен қызметкерлері жұмылдырылды.

Себебі анықталуда.
«АЖ»-ға ықшамаудан тұрғындарының өздері хабарлағандай, құрылыс тым тығыз орналасқандықтан, оқиға орнына арнайы техниканың жетуі қиынға соқты. Айтпақшы, олар жақында осы жерде басқа тұрғын үйдің салынуына қарсы болған еді. Өйткені жедел жәрдемге де, өрт сөндірушілерге де кіретін жол жоқ.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА
Тұрғындар жолдаған суреттер мен бейнежазба
В Атырау 0