Атырау, 25 сәуір 14:39
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Өндіреміз де айыппұл төлейміз»

Бейнежазба
3 254 просмотра
Бейнежазбадан скриншот

7 сәуірде «Теңізшевройл» ЖШС-де түтін мұржасы арқылы автоматты бұғаттайтын жабдықтың істен шығуына байланысты қоршаған ортаға ластаушы заттар шығарылды. Бұл хабарлама сол күні тарады.

Жоспардан тыс тексеру нәтижесі бойынша өткен брифингте Атырау облыстық экология департаментінің басшысы Әлібек БЕКМҰХАМБЕТОВ КТЛ-2 объектісіндегі У-500 қондырғысында ақау болып, С-511 пеші тоқтап, соның салдарынан ауаға күкірт шығарындысы тарағанын хабарлады.

- «Теңізшевройл» ЖШС-не қатысты қоршаған ортаға эмиссия шығаруға жол бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, заң бұзушылықты жою туралы ұйғарым жолданды. Алайда, қазір ТШО актіге және ұйғарымға қатысты Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне шағымданды. Тиісінше, әкімшілік істі қарау уақытша тоқтатылды. Қазіргі уақытта зиян мөлшері анықталуда, - деді А.Бекмұхамбетов.

Өз кезегінде, ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің бас менеджері Рзабек АРТЫҒАЛИЕВ зауыттың техникалық регламентіне сәйкес және ықтимал апаттардың алдын алу үшін өндірістің тоқтатылғанын айтты.

- 7 минутқа созылған күкірт диоксиді мен қарапайым күкірт шығарындысы орын алды. Атмосфералық ауаны зерттеу нәтижесі бойынша көп мөлшерде ластаушы заттар анықталмады. Олардың жұмысшылары мен мамандарының ешқайсысы медициналық көмекке жүгінген жоқ, - деп хабарлады Р.Артығалиев.

Соңғы 2 жылда ТШО эмиссия мен қоршаған ортаны ластағаны үшін қанша айыппұл төлегені туралы «AЖ» сұраған кезде, экология департаментінің басшысы 5 миллиард теңгеден асады деп жауап берді.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

14 маусым 2021, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.