Атырау, 24 қараша 22:38
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қызылқоға ауданынан сармат жауынгерлерінің сүйегі табылды

3 827 просмотра

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің археологиялық экспедедициясы арнайы рұқсат пен лецензиясын алғаннан кейін темір дәуіріндегі қорғандарды зерттеу жұмысын бастап кетті. Ол екі кезеңнен тұрған болатын. Бірінші кезеңде-ақ Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдық округіне қарасты «Қарақұдық» учаскесінде қорғандары қазу жұмысында жетістікке жетті.

- Қорғандарды қазу жұмысы кезінде бір қорғаннан үш бірдей адамның сүйегі табылып, олармен бірге қару-жарақтары: найза, белдікте пышақ, бір қорап жебе, қайрақ шықты. Қорған тоналмаған, сол жерленген күйлерінде сақталған, - дейді Университет жанындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы ғылыми зерттеу институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Сайфолла САПАНОВ. - Бір қорғаннан үш бірдей сармат жауынгерінің табылуы археологияда өте сирек кездесетін жағдай. Ұрыста қаза тауып, бәрі бір жерленді ме. Үш бірдей сармат жауынгерлерінің бірі әйел адам да болуы мүмкін. Бұл болжам ғана. Ол жауынгерлердің сүйегіне антропологиялық зерттеу қорытындысына зерттеу жүргізілгеннен кейін белгілі болады.

Экспедиция қазба жұмыстарының екінші кезеңін де бастап кетті. Ол Мұқыр ауылынан 18  шақырым жерде далалықта өтуде. Бұл жұмысқа Б. Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Петр КОЛЬЦОВ онлайн түрінде қатысады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Суретті Х.Досмұхамедов атындағы АМУ жолдады


11 маусым 2021, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.