Атырау, 5 мамыр 02:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Сарайшықтағы қазба жұмыстары: «Біздің аталарымызға тиіспеңіздер!»

Сурет
3 488 просмотра

Махамбет ауданы Сарайшық қорымындағы зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде дау туды: жергілікті тұрғындар көне зиратты қазу кезінде ағайын-тумалары жатқан мәйіттердің көшірілуіне қарсылық білдіруде.

Олар өз пікірін білдіру үшін археологиялық жұмыстар жүргізіліп жатқан орынға жиналды.

- Қазсын, бірақ олар бейітке немесе шашылып жатқан сүйекке тап болса, бізге ескертуі тиіс. Ең болмаса бір адамды жергілікті халықтан қосып тұрса, мұндай дау тумас еді, - дейді.

Қазақтың жеті ханы жерленген Сарайшықтағы «хан моласы» деп аталатын орында археологиялық зерттеу жұмыстары Ресей дерекқорынан табылған тарихи сызбаға байланысты жүргізіліп жатыр. Қазба жұмысы былтыр басталған.

- Қабірхананың іргесі ашылды. Қазу кезінде белгілі болғандай, қабірхана тоналған, қаңқалар шашылып жатты. Бұл мәйіттерді басқа орынға көшірмейінше қазба жұмыстарын жүргізу мүмкін емес еді, - дейді «Сарайшық» музей қорығы директоры орынбасарының міндетін атқарушы Айбек ТҰРАРҰЛЫ.

- Биылғы жылдың сәуір айында 20 мәйітті «Құлметен» зиратына жерлеу ұйымдастырылды...

- Бастапқыда 5-6 мүрдені көшіретін болармыз деп болжағанбыз, алайда олардың жалпы саны 20-ға жетті. Оның жетеуінің ғана туыстары табылды, ал қалғаны белгісіз. Өйткені құлпытастардағы жазу өшіп қалған, кейбірінде мүлдем жоқ. Бірақ ол мүрделердің бәрін имам шақырып, құран бағыштатып, әрқайсысын арулап көмдік. Шашылып жатқан адам сүйегі емес, малдыкі.

«Сарайшық» музей қорығындылар ортағасырлық қалашығының қорғау аймағын бекіту, анықтау және қоршау қажеттігін ресми хат арқылы жоғарыға жолдауда. Алайда нақты ештеңе шешілген жоқ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді «Сарайшық» музей қорығының әкімшілігі ұсынды


21 маусым 2021, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.