10-маусымда Қызылқоға ауданы Сағыз ауылынан екі шақырым жерде балықтың қырылып жатқаны жөнінде дабыл түсті. Өлі балықтар Ноғайты өзенінің Сағыз өзеніне құятын тұсынан табылды.
- Бұл факт маусымның 9-нан 10-на қараған түні анықталды. Біз дер кезінде бардық, облыстан да арнайы комиссия келді. Қаракөз және қызылқанат балықтарының шабақтары екі өзеннің құяр аумағында өлген. Өзіміздің жобалауымызша, бөлініп қалған суда жылқының зәрінен, қой тоғытудың салдарынан ауа жетпей өлуі мүмкін деп отырмыз, - дейді Қызылқоға ауданы әкімі Нұрсұлтан БИСЕМБИЕВ. – Өлген балық пен судың сынамасы облыстық ветеринариялық зертханаға тапсырылды. Тексеру қорытындысы белгілі болғаннан кейін қосымша хабарлайтын боламыз.
Ләззат ҚАРАЖАНОВA