Атырау, 20 сәуір 08:54
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Құрманғазыға пойыз қашан жүреді?

Бейнежазба
3 984 просмотра

Биыл сәуір айының басында жақында Атырау - Д.Нұрпейісова станциясы жолаушылар пойызы (Құрманғазы ауданы) жолға шығады деген хабар шыққанда, Құрманғазы мен Исатай аудандарының тұрғындары қатты қуанды. Өйткені, оларға облыс орталығына барып келу үшін қазір қайта жасалып жатқан трасса бойымен таксимен жүруге тура келеді. Бүгінде бұл жолды «трасса» деп атау мүмкін емес: «Астрахань» жолымен бір рет болса да жүріп өткен жан әңгіменің төркінін түсінеді.

Содан бері екі ай өтті, бірақ пойыз жоқ. Алайда облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі «жұмыс жүріп жатыр» деп хабарлады. Мәслихаттың, мемлекеттік органдардың тиісті рұқсат құжаттары алынды. Облыстық әкімдіктің қаулысы әзірленіп, әділет департаментіне жолданды.

- Осы айда қаулы бекітілгеннен кейін бюджет нақтыланған кезде пойызды іске қосу үшін ақша бөлуге ұсыныс жасамақпыз. Әрі қарай тендер жарияланады. Бұл жерде бүкіл заңды рәсімдерді ұстанамыз, - деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Әсет ОРАЗҒАЛИЕВ.

Ал әзірге тұрғындар таксимен барып келіп жүр. Бұл да оңай емес: жол ақысы қымбаттап жатыр, такси жүргізушілері балаларды мінгізбейді, т.с.с. Біз бүкіл жағдайды «аудандарға» жүретін такси тұрағы боп қалыптасқан «Дина» базарына барып көрдік.

- Жақында ғана жолақы 2500 теңге болды, ал қазір 3 мыңға жетті. Такси жүргізушілері бағаны өздері қояды, оларды ешкім бақыламайды. Бұл не сонда? Диспетчер қойсын да бір бағаны бекітсін, - дейді жолаушылардың бірі.

Басқа бір жігіт такси жүргізушілерін жақтады. Оның айтуынша, үйлеріне тез жету үшін жолаушылардың өздері бағаны көтереді екен.

Қазір жалпы такси аз, өйткені дұрыс жұмыс жасатпайды, үнемі тексеріп, балаларды отырғызуға рұқсат бермейді. Үнемі айыппұл салады. Бірақ таксистер де адам ғой, осылай күндерін көріп отыр, отбасын асырап отыр, несиелері бар төлейтін. Бұрын Астраханьға дейін пойыз жүретін, содан кейін өзбекстандық пойыз болды, ол жерде адамдардан 500 теңгеден алатын. Бірақ пандемия басталып, пойыздар жүрмей қалды. Адамдар не істейді енді? – дейді ол.

Базар жанында тұрған уақытта ауданға жүретін адам көбейді. Бір машина жақындап, жүргізушісі жол ақысының 5 мың теңге екенін айтты. Бірақ біз сұрақ қоя бастаған кезде көлігін қыздырып, кетіп қалды. Күтіп тұрған адамдар наразылығын жеткізді:

– Жолаушылар үшін бұл жерде қарапайым жағдай жасалмаған, отыратын орындықтар жоқ. Зейнеткерміз, түрлі жұмыспен қалаға шығамыз, той-садақаға барамыз. Тіршілік жалғасып жатыр ғой. Үйде қамалып отыра беруге болмайды. Уәде еткен пойыз да жүрмей жатыр, - дейді тағы бір ағай.

- Таңертеңнен бері такси ұстай алмай тұрмыз, жұрт сағаттап күтіп тұр. Бір машина келсе, бәріміз жапа-тармағай жүгіреміз, қарапайым халық зардап шегіп отыр. Пойыз туралы әңгіме қозғамай-ақ қояйын, - дейді басқа бір әйел.  

Қысқаша айтқанда, шешілмейтін проблемалардан, құр уәдеден адамдардың көңіл-күйі пәс екені көрініп тұр.

- Ой, бұл туралы қанша айтып жүрміз, қанша рет жазылып жатыр, нәтиже жоқ, - деді сұхбаттасушыларымыздың бірі қолын сілтеп.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Сурет пен бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

11 маусым 2021, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.