Атырау, 16 сәуір 23:46
 ашықВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

​Доссорда жүргізуші бірден төрт адамды қағып кетті

3 709 просмотра

31 мамырда түнгі сағат 1-де Мақат ауданы, Доссор кентінде 33 жастағы жүргізуші «Toyota Sequoia» көлігімен жолдан өтіп бара жатқан бір отбасының төрт адамын қағып кетті. Жол апатын жасаған азамат оқиға орнынан қашып кетті, бірақ көп кешікпей полицияның қолына түсті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 32 жастағы отағасы, оның 24 жастағы әйелі және 6 мен 1 жастағы екі баласы ауыр жарақат алды. Олар облыстық ауруханаға жеткізілді.

- Жедел-тергеу әрекеті нәтижесінде күдікті анықталып, қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі («Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаcын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ.

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Фархат ӘБІЛОВ

11 маусым 2021, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.