Атырау, 25 қараша 06:51
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Албания парламенті президентке импичмент жариялады

2 918 просмотра

Албания парламенті сәрсенбіде ел президенті Илир Метаны қызметінен босатып, оған импичмент жариялады, - деп хабарлайды tengrinews.kz Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

104 депутат импичментті қолдады, тек жетеуі қарсы болды. Тағы үшеуі дауыс бермеген.

Импичмент мәселесі парламенттік тексеріс нәтижесінде Мета биыл сәуірде өткен парламенттік сайлау кезінде басқарушы Социалистік партияға "біржақты көзқараспен" қарап, конституцияны бұзғанын анықтағаннан кейін басталды. Бір топ социалистік парламентші ел президентіне қатысты тергеу жүргізуді талап етіп, көптеген жыл бұрын осы партиядан шығып кеткен Метаны елдегі тұрақсыздық пен зорлық-зомбылықты қоздырды, сондай-ақ оппозициямен жақын қарым-қатынас орнатты деп айыптады.

Енді үш ай ішінде оны қызметінен босату туралы шешімді Албанияның Конституциялық соты мақұлдауы керек. Метаның өзі тергеу мен импичмент процесін сынға алып, оларды заңсыз деп атады.

Албаниядағы президент негізінен салтанатты функцияларды орындайды, бірақ сот жүйесінде және әскери салада кейбір өкілеттігі бар.

10 маусым 2021, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.