Атырау, 28 наурыз 16:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Премьер Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысын бастап берді

4 289 просмотра

ҚР Премьер-Министрі Асқар МАМИН Атырауға жұмыс сапары барысында Қашаған кен орнындағы газды кешенді дайындау қондырғысы – жаңа газ өңдеу зауытының құрылысын бастап берді.

Кәсіпорынды 2023 жылғы 4-тоқсанда пайдалануға беру көзделген, қуаты жылына 1 млрд текше метрге дейін күкіртті газды құрайды.

ПМ баспасөз қызметі хабарлағандай, жоба Қашағанда мұнай өндіру деңгейін тәулігіне 450 мың баррельге дейін ұлғайтуға, елді одан әрі газдандыру үшін ресурстық базаны кеңейтуге мүмкіндік береді. Құрылыс кезеңінде мұнда 2500 дейін уақытша, ал пайдалану кезеңінде 600 тұрақты жұмыс орны құрылады.

Бұдан басқа, А.Мамин жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін Қазақстандағы алғашқы Интеграцияланған газхимия кешенінің құрылыс барысын тексерді. Оны келер жылдың наурызында іске қосу жоспарланған. Қазіргі уақытта бұл жердегі жұмыс 87,19%-ға орындалған. Құрылысқа 39 қосалқы мердігер компания тартылған, оның 36-сы — қазақстандық. Кәсіпорында 630-дан астам тұрақты жұмыс орны ашылады. Үкімет басшысы «Эр Ликид Қарабатан Тех Газы» Қазақстан-Француз бірлескен кәсіпорнына, «Атыраунефтемаш» ЖШС-не, «Каспий нефть» ЖШС-не де барып, бекіре балығын өсіретін «Kaspi Bekiresi Limited» балық өсіру шаруашылығының қызметімен танысты. Бұдан басқа, жергілікті басшылар Атырау қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту туралы баяндады.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Премьер-министрдің баспасөз қызметі ұсынған суреттер

8 маусым 2021, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.