Атырау, 19 сәуір 04:47
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Атырауға премьер-министр келді

Толықтырылды Сурет
4 707 просмотра

Бүгін, 8 маусымда Атырауға ҚР премьер-министр Асқар МАМИН жұмыс сапарымен келді. Әзірге расталмаған ақпаратқа сәйкес, Энергетика министрі Нұрлан НОҒАЕВ, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт АТАМҚҰЛОВ және Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ та келген. 

Бұл сапарды баяндауға жергілікті БАҚ журналистерін жібермеді. 

Келушілердің мәртебесіне сүйенсек, Атырау облысының негізгі проблемалары - мұнай өнеркәсібі, экология және инфрақұрылым мәселелері қарастырылады. 

Сәл кейінірек премьер-министрдің баспасөз қызметі үкімет басшысының жұмыс сапарына жоғарыда аталған министрлерден басқа, ҚР Президентінің көмекшісі Қанат БОЗЫМБАЕВ, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам САТҚАЛИЕВ, «ҚазТрансГаз» АҚ басқармасының төрағасы Қайрат ШӘРІПБАЕВ, «НҰХ Бәйтерек» АҚ басқармасының төрағасы Айдар АРИФХАНОВ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ басқармасының төрағасы Абай САРҚҰЛОВ және басқалардың да бірге келгенін хабарлады.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА 

Автор түсірген суреттер

8 маусым 2021, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.