Атырау, 29 наурыз 01:13
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қала маңындағы ауылдарда су жеткіліксіз

3 885 просмотра
"АЖ" мұрағатынан алынған сурет

Жаз басталса Атырау маңындағы ауылдарда жыл сайын ауыз су мәселесі туындайды - әсіресе, кешке қарай. Бұл, атап айтқанда, Ақсай, Ақжар, Жұмыскер, Өркен, Еркінқала, Жұлдыз, Көктем және Балауса ықшамаудандарында орын алады. 

- Кеш түсе сала кран кеуіп тұрады. Жұмыстан кейін жуынуға, тіпті шай ішуге мүмкіндік жоқ. Сумен қамтуды реттеу үшін сорғы орнату керек, ал оның құны 40-50 мың теңге, мұны кез-келген тұрғынның қалтасы көтере бермейді, - дейді Ақсай ауылының тұрғыны Әйгерім ӨТЕҒАЛИЕВА.

Жыл сайын Атырау қаласының әкімдігі бұл мәселені шешуге уәде береді, бірақ әзір нәтиже жоқ. 

- Соңғы жылдары жаз сайын осындай жағдайға тап боламыз. Себебі, жаппай бау-бақшаны суару басталады, - дейді Өркен ықшамауданының тұрғыны Айбек ҚАЙЫРОВ. - Су қысымы түн ортасынан кейін көтеріледі, түнде ұйықтамай, суды молырақ жинап алуға тура келеді. 

Шынында да, жаз басталса, қала маңындағы ауылдардың тұрғындары бау-бақшасын ауыз сумен суаруды бастайды. Өйткені техникалық суға арналған құбыр желісі жоқ. «Атырау облысы Су Арнасы» КМК хабарлағандай, тұрғындарға ауыз су штаттық режимде беріледі, бірақ оны суаруға пайдаланғандықтан, құбырдағы қысым төмендейді. 

Ал Атырау қаласының әкімдігі жаңа ықшамаудандарда жазғы суару жүйесі жер учаскелерін жобалау сызбасына енгізілмегенін хабарлады. Бұл ретте қала билігі сыйымдылығы 100 тонна болатын 12 резервуар орнатамыз деп сендіріп отыр. Ол үшін 2021 жылы сәуірде «ТОВЕР» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Маусымда дайындалған резервуарлардың алғашқы партиясын қабылдап, оларды ең мұқтаж елді мекендерге, оның ішінде Өркен, Ақжар, Ақсай ауылдарына, Кеңөзек, Еркінқала ауылдық округтеріне орнату жоспарланып отыр.

- Бірақ бұл да уақытша шара, - дейді Атырау әкімінің орынбасары Самат ЕМБЕРГЕН. - Болашақта жазғы суару құбырын іске қосу жоспарланып отыр. 

Бірақ «болашақтың» қай уақыт екені белгісіз. 

Фархат ӘБІЛОВ

7 маусым 2021, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.